Дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеудің пилоттық жобасын түсіндіру бойынша «дөңгелек үстел» өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақжайық  аудандық №2 соты Тайпақ ауылдық әкімшілігінің ғимаратында «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жоба» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.  

Іс шараға әкім орынбасары, кәсіпқой емес медиатор, «Нұр-Отан» партиясының өкілі, ардагерлер кеңесінің төрағасы, әйелдер қоғамының төрайымы, ауылдың имамы, БАҚ өкілі, мекеме басшылары қатысты.

Дөңгелек үстелді  сот төрағасы Тамара Гумарова ашып, Республика судьяларының VII съезінде Мемлекет басшысының берген тапсырмасын жүзеге асыру үшін медиацияны қолдану салаларын одан әрі кеңейту мақсатында жеке санаттағы дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейін реттеу міндеттілігі бойынша Жоғарғы Сот пилоттық жобаны іске қосқандығын айтты.

Жобаның міндеті татуласу рәсімдерінің қолдану аясын кеңейту, азаматтардың сот шығындарын барынша азайту, халықтың соттан тыс дауды реттеу мүдделілігін анықтау болып табылады. Медиацияның тиімділігі келіссөздер процесін жургізу ушін жағдай жасау аркылы, даулы карым-катынастарға тартылған тараптардың мүдделерін ескере отырып, медиатордың катысуымен дауды (жанжалды) реттеу.

Шара барысында бас маман Айнұр Темірханова слайдпен таныстыру арқылы баяндама жасады.  Слайдпен таныстыруда пилоттық жобаның мақсаты мен міндеттері, даулалардың (жанжалдардың) санаттары, пилоттық жобаны жүргізудің қағидаттары, сондай-ақ  пилоттық жобаны біздің облыста  іске асырудағы  жүргізіліп жатқан іс шаралар таныстырылды.

Кәсіпқой емес медиатор Светлана Тлекеева «Қоғамдағы медиацияның маңызды рөлі» тақырыбындағы баяндамасында медиация институты дауларды реттеудің балама тәсілі  болып табылатының атап өтті.
Кәсіпқой емес медиатор медиация тәртібімен қаралған істерден мысал келтіріп, бітімгершілік рәсімдерді өткізудегі практикалық тәжірибесімен бөлісті.
Сонымен қатар, ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғинолла Садиров жас отбасылар арасындағы некені бұзу туралы  істердің көбеюі аландататынын айтып, осы пилоттық жоба отбасындағы жанжалдарды азайтуға септігін тигізетіндігіне сенім білдіретінін  айтты.
Шараға қатысушыларға пилоттық жоба ережесінің кітапшасы  үлестірілді.
Шара қорытындысы бойынша қатысушылар пікір алмасып, шараның ұйымдастырылуына жоғары баға беріп, пилоттық жобаның маңыздылығын атап өтті.

жобаның маңыздылығын атап өтті.

 

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі