«Дыбыс-бейнежазбасы қолданылған сот отырысы хаттамасын жасақтау тәртібі»

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

«Ұлт Жоспары – 100 нақты қадам» бағдарламасындағы 20-шы қадам-барлық сот отырыстарына  дыбыс-бейнежазба шараларын міндетті түрде енгізуге бағытталған. 

Сот отырыстарына дыбыс-бейнежазба  жүйесін енгізу ол   барлық азаматтар үшін  сот төрелігінің мобильдік, ашықтық пен қолжетімділік қағидаттарын қамтамасыз ету жолындағы тағы бір қадам болып табылады.

Ақжайық аудандық №2 сотының сот отырыс залы қазіргі заманғы дыбыс-бейнежазба құралымен жабдықталған. Соттағы істер ДБЖ құралын қолданылу арқылы қаралады.

Ақжайық ауданының №2 аудандық  сотында судьялар мен сот мамандардың қатысуымен «Дыбыс-бейнежазбасын қолданылған сот отырыс хаттамасын жасақтау тәртібі» тақырыбында семинар  өтті.

Бас маман- сот мәжілісінің хатшысы Айнур Темирханова өзінің баяндамасында  сот отырысынын қысқаша хаттамасын дайындау кезінде  дұрыс және біркелкі практикасын қамтамасыз ету үшін  Азаматтық процестік кодексінің 282 бабының,  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 820-1 бабының,  Қылмыстық-процестік кодексінің 347-1 бабының және  «Сот отырысының хаттамасы жөнінде қылмыстық іс жүргізу заңдарының нормаларын қолдану туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2005 жылғы 23 желтоқсандағы №11 нормативтік қаулысының талаптарын сақтау болып табылатынын атап өтті. 

Семинар барысында заңнамалардың және ҚР нормативтік қаулысының талаптарына сай қысқаша хаттама үлгісі әзірленді.

Сонымен қатар  дыбыс-, бейнежазбасының техникалық қолдану тәртібі және материалдық жеткізгіштерге жазылу сапасы талқыланды.

Семинар сабағын қорытындылай келе  сот төрағасы Тамара Гумарова сот мәжілісінің хатшыларына қысқаша хаттамаларды  дайындау кезінде процестік кодекстерінің талаптарын сақтап,  сот отырыстарының дыбыс-бейнежазбаларының сапалы болуын  қамтамасыз етуді тапсырды.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі