«Ұлт Жоспарын жүзеге асыру» тақырыбында семинар-кеңес өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақжайық  аудандық №2 соты «Ұлт жоспарын жүзеге асыру» тақырыбында семинар-кеңес өткізді.  

Іс шараға әйелдер қоғамының, зейнетақылық және әлеуметтік қамтамасыз ету бөлімінің,  Тайпақ полиция бөлімінің,  БАҚ өкілдері қатысты.

Семинар-кеңесті  сот төрағасы Тамара Ғұмарова ашып, Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Ұлт Жоспары – 100 нақты қадам» бағдарламасында –бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіру жөніндегі Ұлт жоспарының әр қадамы мемлекетке деген халықтың сенімін арттырып, ашық қоғам құруға жетелейтінін, тәуелсіз сот төрелігі мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге, заңдарды қатаң орындауға және құқық тәртібін нығайту жолында негізгі міндеттері мен басты бағыттарын айқындайтынын атап өтті.

Шара барысында кеңсе меңгерушісі Алия Жаманова Ұлт жоспарындағы сот қызметіне қатысты қадамдарының бірі  сот отырысы залдарына дыбыс-бейне жазба  жүйесін енгізу екенін атап, осы жүйе судьяларды және сот мәжілісіне басқа да қатысушыларды тәртіпке шақырып, сот процесінің ашықтық пен қолжетімділік қағидаттарын қамтамасыз етуге, процестік емес байланыстарды азайтуға, сот қабылдаған шешімнің объективтілігін қамтамасыз етуге ықпал етіп, қазіргі таңда сот отырыстары дыбыс бейне жазбасын қолданумен өтетінін айтты.

Сонымен қатар сот төрағасы Т.Гумарова семинар-кеңеске қатысушыларға даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жоба іске асырылып  жатқан іс шараларымен таныстырды.

Шара соңында  қатысушыларды сот отырыс залындағы дыбыс-бейне жазба құралымен таныстырылды.
Семинар-кеңеске қатысушылар пікірлерімен алмасып, шараның маңыздылығын атап өтті.

 

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі