Аудандық соттағы семинар сабағы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақжайық аудандық №2 соты «Бейнеконференциялық жүйесін пайдалана отырып сот отырыстарын өткізу» тақырыбында семинар сабағын өткізді.

Семинар өткізу барысында төраға Т.Гумарова сот төрелігін жүзеге асыру бойынша жұмысты оңтайландырудың, сот ісін жүргізудің жоғары деңгейде ашық болуына қол жеткізудің перспективті бағыттарының бірі ақпараттық  технологияларды, оның бейнеконференциялық жүйесін пайдалана отырып сот отырыстарын өткізу қолдану болып табылатынын айтты.

Кеңсе меңгерушісі А.Жаманова Қазақстан Республикасының соттарында бейнеконференциялық байланыс жүйесін пайдалана отырып сот отырыстарын ұйымдастыру бойынша әдістемелікпен атап айтқанда әдістемеліктің жалпы ережелерімен, бейнеконференциялық байланысты ұйымдастыру, өткізу, қолдану, тәртібімен, жауап алу барысында бейнеконференциялық байланыс жүйесін пайдалану, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртіптерімен таныстырды.

Шара барысында бейнеконференциялық байланыс жүйесін қолданудын кейбір мәселелері де талқыланды.

Семинар соңында сот төрайымы қазіргі заманғы ақпараттық  технологияларды қолдану аудандық және оған теңестірілген соттарының жұмыс жасау сапасының өлшемдерінің бірі болып табылатынын атап өтті.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі