Ақжайық аудандық №2 сотында оқыту семинары өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақжайық аудандық №2 сотының төрағасы Г.Т.Сагитованың  төрағалығымен Қазақстан Республикасының жаңадан қабылданған  Қылмыстық, Қылмыстық- процестік және Қылмыстық- атқару кодексін, ӘҚБтК оқыту семинары болып өтті.

Семинар жұмысына №2 Ақжайық ҚАИ инспекторы С.Сабыргалиев, Тайпақ полиция бөлімінің тергеушісі А.Адилгереев, Тайпақ полиция бөлімінің учаскелік инспекторы А.Уразбеков және сот мамандары қатысты.

Шара барысында жаңадан қабылданған және бұрынан қолданыстағы ҚК, ҚПК және әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстерінің  ерекшеліктері талқыланды.

Сот приставы Л.Испанов, бас маман Д.Саниева, сот мәжіліс хатшысы Н.Саурбаев және құқық қорғау өкілдері  жиналғандар алдында баяндамалар жасады.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі