Жаңа заңнаманы қолдану жөніндегі семинар

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 

Батыс Қазақстан облыстық сотында  қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы М.И.Нағашыбаевтың төрағалығымен жаңа қылмыстық-атқарушылық кодексінің негізгі мәселелерін талқылау бойынша  семинар-кеңес өтті.

Шараға облыс соттарының судьялары, облыстың прокуратура және қылмыстық атқару жүйесінің өкілдері қатысты.

Кездесуде  2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне ене бастаған жаңа қылмыстық-атқарушылық кодексі бойынша әріқарай жұмыстанудың негізгі тұстары талқыға салынды.

Тараптар жаңа заңнаманы қолдану барысында туындайтын келелі мәселерді өзара талқылауға арналған осындай бас қосулардың маңыздылығын атады.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі