Жаңақала аудандық соты

Аймақтық полиция инспекторларымен өткізілген семинар

23/08/2017

Жаңақала аудандық ішкі істер бөлімінде аймақтық полиция инспекторларына  аудандық сот төрағасының м.а.М.Шүкіровтің, жергілікті полиция қызметінің бастығы Т.Айтекешовтың  қатысуымен «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді рәсімдеу мәселелері» тақырыбына семинар–кеңес өтті.

Жаңақала аудандық сотында қылмыстық және әкімшілік заңнаманы ізгілендірудің негізгі бағыттары талқыланды

17/08/2017

Жаңақала аудандық сотында Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын орындау мақсатында «Қылмыстық және әкімшілік заңнаманы ізгілендіру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қ. Адранов Жаңақала ауданының тұрғындарымен кездесті

11/08/2017

Батыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қайрат Адранов бүгін жұмыс сапарымен Жаңақала және Бөкейорда аудандарында жергілікті тұрғындармен және аудан активтерімен кездесті.

«Даулар мен жанжалдарды реттеуге арналған медиация негіздері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

20/07/2017

Жаңақала аудандық сотында «Даулар мен жанжалдарды реттеуге арналған медиация негіздері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Шараға Жаңақала ауданының медиаторлары, ауылдық округ әкімшілігінің маманы, «Жастар үні» қоғамдық бірлестігінің, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының  БҚО Жаңақала ауданыныдағы филиалының және БАҚ өкілдері қатысты.

Пилоттық жобаны іске асыру бойынша "дөңгелек үстел" өтті

01/07/2017

Жаңақала аудандық сотында Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті.

Шараға «Жастар үні» қоғамдық ұйымы, кәсіби емес медиаторлар, мемлекеттік мекеме өкілдері, сот мамандары және БАҚ өкілдері қатысты.  

Жаңақала аудандық сотының төрағасы А.Ғапуов "Ашық есік күнін" өткізді

15/06/2017

Мемлекеттік қызметшілер күніне орай, Жаңақала аудандық сотында "Ашық есік күні" өтті. шараның негізгі мақсаты тұрғындарға құқықтық көмек көрсетіп, құқықтық мәдениетін арттыру, азаматтардың сот жүйесіне сенімін нығайту сонымен қатар, сот төрелігінің қолжетімділігін қамтамасыз ету. Азаматтарды аудандық соттың төрағасы А,Ғапуов қабылдады. Жүгінімдердің дені отбасы, берешек соманы өндіру, тұрғын-үй мәселелеріне сондай-ақ, мемлекеттік қызметке орналасу жайында болды.

Жол көлік оқиғасы салдарынан келтірілген материалдық шығын өндірілді

26/04/2017

Жол-көлік оқиғасы қаларалық жолдарда жиі кездесетін жағдайлардың бірі. Алайда, кішігірім жол оқиғасы болғанның өзінде келтірілген шығынды өндіруде  белгілі бір  қиындықтар да туындап жатады.

Жаңақала аудандық соты талапкер К-ның жауапкерлер М және С-тен жол-көлік оқиғасы салдарынан келтіріген материалдық шығынды өндіру туралы азаматтық істі қарады.

Мүлік салығын өндіру туралы сот бұйрығы

19/04/2017

Жаңақала аудандық соты «Жаңақала ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» ММ-нің арызы бойынша борышкерден мүлік салығын өндіру туралы азаматтық ісін қарады.

Беттер