«Даулар мен жанжалдарды реттеуге арналған медиация негіздері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жаңақала аудандық сотында «Даулар мен жанжалдарды реттеуге арналған медиация негіздері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Шараға Жаңақала ауданының медиаторлары, ауылдық округ әкімшілігінің маманы, «Жастар үні» қоғамдық бірлестігінің, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының  БҚО Жаңақала ауданыныдағы филиалының және БАҚ өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел жұмысын аша отырып, сот төрағасының м.а. Мереке Шүкіров баяндамасында сотқа дейінгі жанжалды реттеудің және істі қарау барысында медиация қолданудың маңыздылығын атап көрсетті. Сонымен қатар, медиация адамдардың уақытын, материалдық және моральдық шығындарын үнемдейтінін, сот арқылы дауласуға қарағанда медиация процедурасы тез бітетінін, жанжалдасып жүрген тараптардың жүйкесіне жасалатын қысымды төмендететінін айтып өтті. «Медиация туралы» ҚР Заңы қолданысқа енген күннен бастап ауданның кәсіпқой емес медиаторлары заңды қолдану бағытында ауқымды жұмыстар атқарып, нәтижесінде көптеген арыз-шағымдар бойынша тараптарды татуластыру рәсімдері арқылы сотқа дейін жеткізбей дау-дамайды реттегендерін атады.

Кәсіби емес медиатор Ф.Сапар татуластыру рәсімдерін қолдану институтын жетілдіруге, сот жүйесінде жүргізіліп отырған реформаларды және осы заңды іске асыру үшін халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде медиаторлардың белсенділігін атады. Сонымен қатар үкімет тарапынан кәсіпқой емес медиаторларға қолдау көрсетіліп, көрсетілген қызмет түрлеріне қарай бағалап, ынталандыру механизмін енгізуді ұсынды.

Дөңгелек үстелге қатысушылар талқыланған мәселелердің өзектілігін атап, алдағы уақытта бірлесе отырып әрекет етуге дайын екендіктерін білдірді.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі