Жаңақала аудандық сотында қылмыстық және әкімшілік заңнаманы ізгілендірудің негізгі бағыттары талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жаңақала аудандық сотында Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын орындау мақсатында «Қылмыстық және әкімшілік заңнаманы ізгілендіру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Шараға аудандық соттың төрағасы м.а. Мереке Шүкіров, аудан прокуратурасының аға прокуроры Асылжан Карин, Жаңақала АІІБ басшысының орынбасары Дулат Абдрайымов, Жаңақала аудандық пробация қызметінің басшысы Индира Тажиева, Жаңақала АІІБ миграциялық полициясының аға инспекторы Данияр Байдуллин, «Жаңарған өңірі» газетінің өкілі қатысты.    

Сот төрағасының м.а. М.Шүкіров өз баяндамасында Елбасының Үшінші Жаңғыру: жаhандық бәсекеге қабілеттілік Жолдауында қылмыстық және әкімшілік заңнаманы ізгілендірудің рөлі айқындалғанын, осыған байланысты 03.07.2017 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы қабылданғанын айтты. Бұл заң қылмыстық заңнаманы ізгілендіруге, істерді қысқартылған тәртіппен қараудың аясын кеңейтуге, кәсіпкерлік саладағы құқық бұзушылықтар үшін санкцияларды төмендетуге, экономикалық қылмыстарды ізгілендіру көзделген. Бұрын қылмыстық жаза көзделген қаржы және экономикалық қылмыстар әкімшілік құқық бұзушылықтар санатына көшіріліп, айыппұл тағайындау көзделгенін айтты.  

Прокурор А.Карин өз сөзінде қылмыстық-іс жүргізу құқығын дамытудың басымдығы қылмыстық сот ісінің адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған негізін қалаушы қағидаттарын дәйекті түрде одан әрі іске асыру болып табылатынын айтты. Қылмыстық іс жүргізу құқығын жетілдірудің негізгі бағыттары қылмыстық процесті жеңілдету және сотқа дейінгі іс жүргізу тәртібін оңайлату, тараптардың келісуіне және келтірілген зиянның өтелуіне негізделген сот төрелігін қалпына келтірудің жаңа институттарын бірте-бірте енгізу, процессуалдық келісім институтын заңнамалық дамытуды қамтиды.

Ізгілендіруге бағытталған заңдарды қолдану бойынша ынтымақтастықты нығайту және азаматтардың құқықтарын қорғау мақсатында аудандық сотта тұрақты түрде құқық қорғау органдардың қатысуымен «дөңгелек үстелдер» өткізіліп тұратынын айту қажет. Статистикалық мәліметтерге сай, сот күні бүгінгіге дейін қысқартылған тәртіппен 6 қылмыстық істі қарап, оның 5-бойынша үкім шығып, 1 іс ҚР ҚК-нің 68 бабына сай қысқартылды.

Дөңгелек үстелге қатысушылар баяндамаларды талқылай келе, құқық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заңға сәйкес енгізілген өгерістерді ескеріп, заңнаманы қолдану тәжірибесі бойынша ұсыныстар әзірледі.

 

 

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі