Архив событий

09/04/2024

"Халықпен бірге!"

09/04/2024

«Халықпен бірге!» іс-шарасына Батыс Қазақстан облысының судьялары мен Сот әкімшілігнің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің қызметкерлері қатысты.

Старичка өзенінің маңында орналасқан тұрғын үйлердің тұрғындарына су тасқынынан көмек көрсету мақсатында сот қызметкерлері жергілікті атқарушы органмен бірлесе отырып, Старичка өзенінің сағасын құм салынған қаптар орнату арқылы нығайту жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар, қалалық сот судьялары мен департамент қызметкерлері сатып алу пунктінде 2000-нан астам қаптар дайындады.