2017 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша брифинг өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жаңақала аудандық сотының төрағасы А.Х.Ғапуов «Жаңарған өңірі» газетінің тілшісінің қатысуымен, соттың 2017 жылдың 1 тоқсанының  жұмысын қорытындылау мақсатында брифинг өткізді.

Сот төрағасы А.Ғапуов Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Пилоттық жоба азаматтық сот ісін жүргізуде міндетті медиацияны енгізу және одан әрі дамыту мақсатында Пилоттық жоба жүзеге асырылатынын, оның міндеттері татуластыру рәсімдерін қолдану аясын кеңейту, пилоттық жобаны жүргізуге кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар, азаматтық істер қарайтын аудандық және оған теңестірілген соттар, мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттар және медиаторлар қатысатынын баяндады.

Бұдан басқа, сотқа түскен және қаралған қылмыстық, азаматтық және әкімшілік құқық бұзушылық істердің статистикалық мәліметтерін атап өтті.

Баспасөз маслихатының соңында төраға сот төрелігінің жүзеге асыру сапасын арттыруға, еліміздегі сот жүйесінің тәуелсіздігі мен тиімділігіне кепіл берілуін нығайтуға және сот билігінің имиджін көтеруге бағытталған міндеттерін орындау үшін қажетті шаралар қолданылатынын айтты.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі