Архив событий

04/04/2024

Радио және сұхбат

04/04/2024

Орал қаласының №2 сотының судьясы Т. Ниязов «Окей» радио толқынынан «Сіздің назарыңызға!» бағдарламасында «Меншік құқығы туралы даулар» тақырыбында сұхбат берді.

Бағдарлама барысында судья меншік құқығы бұзылған жағдайда әрбір мүдделі тұлға АІЖК 8 бабында белгіленген тәртіпте бұзылған, даулы немесе заңмен қорғалатын құқықты қорғау үшін сотқа жүгінуге құқылы екенін атап өтті.

Көлік құралын басқару құқығынан өмір бойына айыру

04/04/2024

Бәйтерек аудандық сотында азамат ҚК-нің 346-бабы 1 –бөлігімен көлік құралдарын басқару құғынан айырылған және есірткілік  масаң күйде көлік құралын басқару үшін  азамат А.қатысты қылмыстық іс қаралды

Сотталушы  А. кінәні толық мойындады және сот оған 6 (алты) ай бас бостандығынан айыру, өмір бойы көлік құралдарын басқару құқығынан айыру, ең төменгі қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеу түріндегі жазаны тағайындады.

Үкім занды күшіне енген жоқ.

Сотта татуласу

04/04/2024

Бәйтерек аудандық сотында ӘҚБтК-нің 73-бабы 1-бөлігі бойынша азамат Ж. қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Құқық бұзушы азаматтық некедегі жолдасының анасы азаматша Х. қатысты сыйламаушылық көрсетiп, оның тыныштығын бұзған, яғни қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаған отбасы - тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер жасаған.

Құқық бұзушы жәбірленушіден  кешірім сұрап, өзара медиация тәртібімен бітімгершілікке келуіне байланысты оны әкімшілік жауаптылықтан босатуды өтінді.

Судья лауазымына біліктілік емтихан тапсыру туралы ақпараттық түсіндіру

04/04/2024

Жәнібек аудандық сотының төрағасы прокуратура және полиция қызметкерлерімен судья лауазымына емтихан тапсыру туралы ақпарат беру үшін кездесу өткізді.

Төраға Е.Алипкалиев өз сөзінде, біліктілік емтихан-судья лауазымына алғашқы рет орналасқысы келетін тұлғалардың ішінен іріктеудің бастапқы кезеңі. Емтихан барысында кандидаттардың деңгейі тексеріледі және судья үміткерлерге қызметін атқаруға қажетті моральдық ‑ этикалық қасиеттер зерттеледі. Біліктілік емтихан жылына кем дегенде 4-рет өтеді, оны сәтті тапсырған азаматтардың нәтижелері 4 жылға жарамды екенін айтты.

Дөңгелек үстел өткізілді

04/04/2024

Казталов  аудандық сотында аудан әкімі аппаратының, халыққа қызмет көрсету орталығының, экономика және қаржы бөлімінің, сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің, тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімі өкілдерінің, адвокаттың қатысуларымен «Коммуналдық меншік құқығын тану туралы істерді қарау кезінде туындайтын мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.