Аймақтық полиция инспекторларымен өткізілген семинар

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жаңақала аудандық ішкі істер бөлімінде аймақтық полиция инспекторларына  аудандық сот төрағасының м.а.М.Шүкіровтің, жергілікті полиция қызметінің бастығы Т.Айтекешовтың  қатысуымен «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді рәсімдеу мәселелері» тақырыбына семинар–кеңес өтті.

Семинар барысында сот төрағасының м.а.М.Шүкіров әкімшілік құқық бұзушылық туралы өндірісті қозғауға уәкілетті органдарымен жіберілетін процессуалдық кемшіліктеріне тоқталды, оның ішінде тұлғаға қатысты мәліметтерді толық көрсетпей әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы сапасыз жасақтау, құқық бұзушылықтың мәнін қате толтыру, хаттаманы құжаттарымен қоса сот органдарына уақытылы жібермеу.

Өз кезегінде аймақтық полиция инспекторлары хаттаманы толтырған уақытта, сотқа келмей жүрген тұлғаларды жеткізу бойынша және кейбір құқық бұзушылықтарды саралауда кездесетін бірқатар проблемаларды айтты.

Сонымен қатар, қатысушылар уәкілетті органдармен дәделдерді әкелу және қамтамасыз етуді,   ӘҚБК-нің 54 бабы бойынша ерекше талаптар белгілеуді және ӘҚБК-нің 461 бабы бойынша қозғалған әкімшілік істерді қарауды талқылады.

Жергілікті полиция қызметінің аймақтық полиция инспекторлары судьяның ӘҚБК-нің талаптарын сақтау бойынша айтылған сын-ескертпелерін қабылдады.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі