Архив событий

01/04/2024

Татуластыру рәсімдері қолданылып аяқталған істер саны артқан

01/04/2024

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 174-бабына сәйкес, сот (судья) тараптарға татуласу рәсіміне қатысуы үшін шақыру жібере отырып, тараптардың татуласуына шаралар қабылдайды, оларға дауды процестің барлық сатысында реттеуде жәрдемдеседі.

Ал тараптар татуласу келісімін, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді немесе дауды партисипативтік рәсімдер тәртібімен реттеу туралы келісімді жасап не осы Кодексте белгіленген тәртіппен өзге де тәсілдерді пайдалана отырып, дауды өзара талаптардың толық көлемінде не бір бөлігінде реттей алады.

Мектеп оқушылармен кездесу

01/04/2024

Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың өсуін азайту және олардың алдын алудың тиімділігін арттыру жолдарын іздестіру бүгінгі таңда қоғам алдында тұрған өзекті де әлеуметтік маңызды міндеттердің бірі екені сөзсіз.

Осылайша, нашақорлықтың алдын алу мақсатында кәмелетке толмағандар істері жөніндегі сот төрағасы Кадралиева С. Вальдорф гимназия мектебінің және 3 орта мектебінің 9-11 сынып оқушыларымен кездесті.