Жаңақала ауданы жұртшылығының өкілдері Елбасы Жолдауын талқылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жаңақала аудандық сотында Президенттің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауын талқылауға арналған кездесу өтті.  

Шараға үкіметтік емес ұйымдар «Жастар үні», «АЖАР» Жаңақала ауданының әйелдер ұйымы»і, Қазақ Соқырлар Қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Жаңақала» корпоративтік қоры, мемлекеттік мекемелер өкілдері мен БАҚ өкілі қатысты.

Шара барысында сот төрағасы А.Ғапуов Президенттің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауының басты басымдықтарының бірі халықтың сот жүйесіне деген сенімін арттыруды жүзеге асыру екенін атады. Сонымен бірге, Мемлекет басшысы атап көрсеткендей Қазақстан басты мақсат бұл әлемдегі ең озық 30 елдің қатарына кіру болып табылады. Бұл мақсаттарға жету үшін жолдауда экономикалық өсу қарқынын қамтамасыз ететін нақты бес басымдықтарын атап көрсетілген.

Кездесуге қатысушылар өзара пікір алмасып, Елбасының  халыққа Жолдауы біздің ел үшін қоғамдық саяси маңызы зор екенін көрсетті.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі