Архив событий

05/04/2024

Кездесу өткізілді

05/04/2024

Казталов  аудандық сотында судья лауазымына біліктілік емтихан тапсыру туралы ақпараттық-түсіндіру және үгіт-насихат  бойынша кездесу өткізілді.

Кездесуге аудан прокуроры, аудандық полиция бөлімінің басшысы,  аудан әкімі аппаратының, жер қатынастар бөлімінің өкілдері қатысты.

Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлерімен кездесу

05/04/2024

Судьялар корпусын жаңартып, жасақтау үшін білікті кадрларды тартуға бағытталған іс-шаралар туралы жоспардың және Батыс қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының кандидаттары тарту жоспарына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық сотының судьясы Утешев Қ. және персоналды басқару бөлімінің  бас маманы  Ахметқалиева Ә. Батыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлерімен кездесу өткізілді.

Сырым аудандық сотының төрағасы мектеп оқушыларымен кездесті

05/04/2024

     Сырым  аудандық сотының төрағасы М.Сахипова  Қ.Мырзалиев атындағы орта мектебінің жоғары сынып оқушыларымен кездесіп, «Нашақорлық мәселесі» тақырыбында әңгіме өткізді.

   Кездесу барысында  қатысушылар нашақорлықты қолданудың себептері мен нашақорлықты емдеу әдістерін талқылады.

     Сонымен қатар  әкімшілік және қылмыстық заңнама нормаларын, атап айтқанда, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта үйлерінен тыс жерде болуына тыйым салу, ұсақ бұзақылық және жалпыға міндетті орта білім беруден жалтару үшін қолданылатын жазалар туралы түсіндірді.

Оралда Батыс сот төрелігі секторы мен құқық қорғау органдарының практиктері үшін тренинг өткізілді

05/04/2024

Орал қаласында Батыс Қазақстан облысының Сот төрелігі секторы мен құқық қорғау органдарының практиктері үшін "кінәсіздік презумпциясы" тақырыбы бойынша каскадтық тренинг өтті.

 

Іс-шараға судьялар, прокурорлар, адвокаттар, тергеушілер, анықтаушылар, адам құқықтары жөніндегі уәкіл, БҰҰ демократия Қорының (UNDEF) қолдауымен "Қадір-қасиет" қоғамдық бірлестігі қатысты.