Жол көлік оқиғасы салдарынан келтірілген материалдық шығын өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жол-көлік оқиғасы қаларалық жолдарда жиі кездесетін жағдайлардың бірі. Алайда, кішігірім жол оқиғасы болғанның өзінде келтірілген шығынды өндіруде  белгілі бір  қиындықтар да туындап жатады.

Жаңақала аудандық соты талапкер К-ның жауапкерлер М және С-тен жол-көлік оқиғасы салдарынан келтіріген материалдық шығынды өндіру туралы азаматтық істі қарады.

Талапкер арызында жауапкер С., М-нің меншігіндегі автокөлікті басқарған уақытта Атырау-Орал жолында жол-көлік оқиғасын жасап, Ақжайық аудандық сотының үкімімен  ҚР ҚК-нің 346 б.1 б. айыпты деп танылғанын айтады. Жол-көлік оқиғасы салдарынан өзінің автокөлік құралына залал келгенін, сондықтан жөндеуге жұмсалған сома 1 300 000 теңгені жауапкерлерден өндіруді сұрайды.

ҚР АҚ-нің 931 б.1. б. сай, қызметi айналасындағылар үшiн жоғары қауiптiлiкпен байланысты заңды тұлғалар мен азаматтар (көлiк ұйымдары, өнеркәсiп орындары, құрылыстар, көлiк құралдарының иелерi және т.б.), егер зиян дүлей күштердiң немесе жәбiрленушiнiң терiс пиғылының салдарынан пайда болғанын дәлелдемесе, жоғары қауiптiлiк көздерi келтiрген зиянды өтеуге мiндеттi.

Сот шешімімен талап арыз қанағаттандырылды. Талапкердің пайдасына жауапкер М-нен автокөлікті жөндеуге жұмсалған шығын өндірілді.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі