Облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қ. Адранов Жаңақала ауданының тұрғындарымен кездесті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Батыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қайрат Адранов бүгін жұмыс сапарымен Жаңақала және Бөкейорда аудандарында жергілікті тұрғындармен және аудан активтерімен кездесті.

Шара реформалардың сот төрелігін жүзеге асырудағы тиімділігі және сот жүйесінде орындалуы, сонымен қатар сот корпусының алдын қойған тапсырмаларымен халықты хабардар ету мақсатында ұйымдастырылды.

«Ашық есік күндері» шеңберінде екі аудан соттарында кездесу өткізді. Алғашқы күн жартысында алқа төрағасы Жаңақала ауданының тұрғындарымен кездесті. Кездесуге облыстық соттың судьясы Әлібек Ахметов, Жаңақала аудандық соты төрағасының м.а. Мереке Шүкіров,  аудан прокуратурасының, ІІБ-нің, ҮЕҰ-нің өкілдері, кәсіби емес медиаторлар,жергілікті ұйымдардың қызметкерлері және БАҚ өкілі қатысты.

Қ. Адранов жаңа заңдар туралы хабардар етіп, іс жүргізуді оңайлату мақсатында және сот төрелігін тиімді жүзеге асыруда, азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғаудың құқықтық механизмі жайлы түсіндіріп, соның ішінде медиация сұрақтарына ерекше көңіл бөлді. Алқа төрағасы қақтығыс жағдайлары өзара қатынас кезінде кез келген уақытта туындауы мүмкін, бұл ретте бірінші көмек көрсету, жанжалдарды шешу және тиімді бітімге келу үшін екі тарапқада медиаторларға жүгінуге болатынын, сол себептен сот даулары басталғанға дейін бітімгершілік рәсімдерін қолдануды тәжірибеге енгізіп кеңейту қажет екенін айтты.

Сапар барысында азаматтарды қабылдаған алқа төрағасына бар жоғы үш аудан тұрғыны жүгінді, азаматтық-құқықтық заңнаманы реттеу бағытында сұрақтар қойылып, нәтижесінде барлығына түсіндіріліп берілді.

Жұмыс сапарының екінші нысаны Бөкейорда аудандық соты болды.

 

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі