Архив событий

12/04/2024

Оқушылармен кездесу

12/04/2024

 

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ұжымы қалада орналасқан жалпы білім беретін мектептердің, лицейлер мен гимназиялардың жоғарғы сынып оқушыларымен кездесті.

Іс-шараның мақсаты: кәмелеттік жасқа толмаған тұлғаларға есірткі психотроптық заттарды, прекурсорларды тұтынудың салдары туралы хабардар ету, оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және қылмыстың алдын алу.

БҚО МАӘС судьялары конференцияға қатысты

12/04/2024

Бүгін БҚО Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы А.Давлетова мен судья А.Абилкаримова Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің ұйымдастыруымен өткен «Заманауи ғылыми технологиялар мен инновациялар: білім берудің тұракты дамуына және көпполярлы әлемдік құрылымға үлесі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның пленарлық отырысына қатысты.

Халықпен бірге!

12/04/2024

 

Батыс Қазақстан облысының судьялары мен Сот әкімшілігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің қызметкерлері кезекті рет «Халықпен бірге!» атты іс-шарасына қатысты.

Сот қызметкерлерімен қала тұрғындарына Орал қаласының өзендерге жақын орналасқан тұрғын үйлерін су басу қаупінен қорғау мақсатында құм салынған қапшықтардан тосқауылдар орнату арқылы тағы да көмек көрсетілді.

Қалалық сот судьялары және департамент қызметкерлерімен қайтадан 2000-нан астам құм салынған қап дайындалды.