Казталов ауданының №2 соты

Аудандық сотта «Ашық есік күні» өтті

16/03/2017

Казталов ауданының №2 сотында өткен «Ашық есік күні» барысында жергілікті тұрғындар түрлі даулар мен әлеуметтік мәселелер бойынша сот төрағасы А.Бурамбаевқа жүгінді.

«Медиация – дауларды шешу тәсілі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

21/02/2017

Казталов ауданының №2 сотында  мемлекеттік емес ұйымдардың – «Ақсақалдар кеңесінің өкілі Шынболат Утешкалиев, «Аналар кеңесінің» өкілі Нұрлы Едекешова», бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі Т.Акмурзиннің қатысуымен «Медиация – дауларды шешу тәсілі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді рәсімдеу мәселелерІ бойынша «дөңгелек үстел» өтті

15/02/2017

Казталов ауданының №2 сотында полиция қызметкерлерінің қатысуымен «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді толтырудағы мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Бұдан басқа, осы отырыста әкімшілік істерді сот кабинеті арқылы жіберудегі мәселелері де талқыланды.

Мамандандырылған күзет қызметінің мамандарымен өткен семинар

19/01/2017

Казталов ауданының №2 сотында Жалпақтал полиция бөлімі мен АКҚБ  қызметкерлерімен ҚР жергілікті соттарында ҚР ЖС өткізуді қамтамасыз ету бойынша және ішкі объектілерге ғимарат аумағына келушілер үшін тәртібі бойынша қағидалары талқыланып  семинар өтті.

ҚР ӘҚБК-нің 434 б. қаралған әкімшілік істер бойынша статистикалық мәлімет

16/01/2017

Казталов ауданының №2 соты 2016 жылдың  12 айында «Қоғамдық тәртіпте адамгершілікке қол сұғушылық әкімшілік құқықбұзушылық» 25-тарауы бойынша  құқықбұзушылық жасаған тұлғаларға қатысты 70  әкімшілік іс қарады.

Азаматтық істерді қараудың оңайлатылған іс жүргізу тәртібі

22/12/2016

Казталов ауданының №2 соты  69 азаматтық істі оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қарады. Оның 31-і  «Казталов ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» ММ-нің жауапкерлерден көлік құралы салығын өндіру туралы  азаматтық істер.

Іс құжаттарына сәйкес, жауапкерлер құралына салынатын міндетті салықты уақытында төлемеген.

Аудандық сотта ҮЕҰ-дың қатысуымен «дөңгелек үстел» өтті

09/12/2016

Казталов ауданының №2 сотында  бұқаралық ақпарат құралдарының, мемлекеттік емес ұйымдардың және БАҚ өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Сот төрағасы Азамат Бурамбаев Елбасының республика судьяларының VII съезінде судьялар қауымдастығының алдына қойған міндеттер туралы баяндады. Ол сөзінде съез делегаттары Судьялар әдебінің жаңа кодексін талқылап, бірауыздан қабылдағанын айтты.

Аудандық сотта сот актілерін орындау мәселелерін талқылады

06/12/2016

Казталов ауданының №2 сотында  Жалпақтал полиция бөлімінің бастығы С.Ғаббасов, аға сот орындаушысы А.Байжигитова, пробация қызметінің өкілі Е.Адиетов және сот қызметкерлерінің  қатысуымен «Сот актілерін орындау мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Беттер