Сот туысқандық қатынас фактісін анықтау туралы арызды қанағаттандырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Казталов  ауданының №2 соты заңдық маңызы бар туыстық қарым-қатынасты анықтау туралы азаматша «Б» арыз бойынша азаматтық іс қарады.

Іс материалдарына сай, арыз беруші қайтыс болған азаматша «К» ағасының қызы болатынын, ол өзін туған кезінен бастап бауырына басып, тәрбилегенін, бірақта асырап алуға құжаттар рәсімдемегенін, сонымен қатар, пәтердің иелері болып келетінін көрсеткен. Туысы қайтыс болғаннан кейін мүліктегі ½ үлесі түріндегі мұраны қабылдауға арыз рәсімдеуде азаматша «К»-мен туыстық қарым қатынастарын дәлелдей алмаған, сондықтан сотқа жүгінуге мәжбүр болған.

2002 жылдың 28 маусымындағы ҚР Жоғарғы Сотының №13 «Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы істерді қарауда сот тәжірибесі туралы» Нормативтік Қаулысына сәйкес, егер туысқандық қарым қатынас дәрежесі тікелей заңдық салдарлар туғызатын болса ғана, сотпен туысқандық қарым қатынастар анықталады. Мысалы, осындай фактілер, арызданушыға мұрагерлік құқық туралы куәлікті алуға қажет болса анықталады.

 Сот шешімімен туысқандық қарым қатынасты анықтау туралы арыз қанағаттандырылды.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі