Аудандық сотта «Ашық есік күні» өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Казталов ауданының №2 сотында өткен «Ашық есік күні» барысында жергілікті тұрғындар түрлі даулар мен әлеуметтік мәселелер бойынша сот төрағасы А.Бурамбаевқа жүгінді.

Нақтырақ айтқанда, азамат Д.Досжанов марқұм анасынан қалған мұраны қабылдауда туындап отырған кедергілерді реттеп, құжаттарды заңдастыру жайын сұрады. Азаматша Р.Суюшева келіні босану кезінде қайтыс болғаннан бері немересін өзі бағып отырғанын, ал баласы Астана қаласында жұмыс жасайтынын, үйіне тек 3 айда бір келетінін айтып, немересін өзінің қорғанышына алуды рәсімдеу туралы сұрады.

Сот төрағасы шара аясында жүгінген тұрғындарға құқықтық көмек көрсету шеңберінде  тиісті ұсынымдарды берді.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі