Казталов ауданының №2 соты

Құқықтық көмек көрсету туралы шет ел мемлекеттерінің тапсырмаларын орындау бойынша семинар өтті

07/10/2016

Казталов ауданының №2 сотында «Құқықтық көмек көрсету туралы шет ел мемлекеттерінің тапсырмаларын орындау» тақырыбына семинарлық сабақ өтті.

Семинар сабаққа аудандық соттың төрағасы мен судьясы, кеңсе меңгерушісі  және сот қызметкерлері қатысты.  

Сот актісін орындамағаны үшін қамаққа алынды

27/09/2016

Казталов ауданының №2 соты Қазталов аумақтық бөлімінің сот орындаушысынан түскен ҚР ӘҚБтК-нің 669 бабы бойынша азамат Е.Балмашевқа қатысты жинақталған әкімшілік істі қарады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді толтыру мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті

21/09/2016

Казталов ауданының №2 сотында  «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді толтырудағы мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Бұдан басқа, осы отырыста әкімшілік істерді сот кабинеті арқылы жіберудегі мәселелері де талқыланды.

Дөңгелек үстелге жергілікті  полиция қызметінің қызметкерлері, Жалпақтал аумақтық учаскесінің сот орындаушысы қатысты.

Балық аулау және балық ресурстарын қорғау қағидасын бұзғаны үшін айыппұл төледі

15/09/2016

БҚО Казталов ауданының №2 соты ҚР ӘҚБтК 383-бабының 3-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық іс қаралды.

Әкімшілік құқықбұзушылық хаттмасына сәйкес, полиция қызметкерлері  құқық бұзушыны балық аулауға тыйым салынған мерзімде, Үлкен өзен өзенінде балық аулауға тыйым салынған құралдар-құрма аумен балық аулап жатырған жерінен ұстаған.

Көлік құралы салығын өндіру туралы 10 азаматтық іс оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қаралды

13/09/2016

Казталов ауданының №2 соты «Казталов ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» ММ-нің жауапкерлерден көлік құралы салығын өндіру туралы 10 азаматтық істі қарады.

Іс құжаттарына сәйкес, жауапкерлер құралына салынатын міндетті салықты уақытында төлемеген.

Мәжбүрлеп алу туралы талап қанағаттандырылды

07/09/2016

Казталов ауданының №2 аудандық соты «Батыс Қазақстан облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» ММ-нің жеке кәсіпкерге берілген егістік жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қою туралы талап арыз бойынша азаматтық істі қарады.

Несие қаржысы мерзімінен бұрын кері қайтарылды

19/08/2016

Казталов ауданының №2 соты «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның  жауапкерлерден  несие қаржысын  мерзімнен бұрын кері қайтару туралы талап арыз бойынша 3 азаматтық істі жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен қарады.

Беттер