Аудандық сотта ҮЕҰ-дың қатысуымен «дөңгелек үстел» өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Казталов ауданының №2 сотында  бұқаралық ақпарат құралдарының, мемлекеттік емес ұйымдардың және БАҚ өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Сот төрағасы Азамат Бурамбаев Елбасының республика судьяларының VII съезінде судьялар қауымдастығының алдына қойған міндеттер туралы баяндады. Ол сөзінде съез делегаттары Судьялар әдебінің жаңа кодексін талқылап, бірауыздан қабылдағанын айтты. Жаңа кодексте  судьялардың кәсіби қызметтегі, қоғамдағы, жанұядағы және тұрмыстағы мінез-құлқының әдептік негізін реттемелейтін нормалар мен қағидалар қайта қаралды. Жаңа кодекс судьялар қауымдастығының әдептік қағидаларын көздейтін 15 баптан тұрады.

Кеңсе меңгерушісі А.Бисенова Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты электрондық сот төрелігінің дамуына ерекше назар аударылатынын атап айтып, соттардың жұмысына жоғарғы ақпараттық технологияларды енгізу бойынша қарқынды жұмыс атқарылып жатқанын айтты. Ол «Сот кабинеті» электронды сервисінің маңызы жайында толық баяндама жасап, аталған қызмет арқылы сотқа құжат өткізу үшін алдымен электронды-сандық қолтаңба болуы  керектігін айтты.

Судья С.Уразгалиева өз сөзінде жаңа электронды технологиялардың іске қосылуы арқасында процессуалдық мерзімдерді қарауға, мемлекеттік бажды онлайн-режимінде төлеу, сот құжаттарын бақылауға мүмкін болғанын жеткізді.

Іс-шара барысында қатысушылар  заманауи ақпараттық технологияларды қолдану, сот жүйесінің халық үшін қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ететінін атады.

 

 

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі