Казталов ауданының №2 соты

Жемқорлыққа қарсы әрекет және соттарда өту режимін сақтау мәселелері бойынша «дөңгелек үстел» өтті

28/11/2016

Казталов  ауданының №2 сотында «Жемқорлыққа қарсы әрекет - өту режимін сақтау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелдің басты мақсаты - өту режимін сақтау және нығайту, жемқорлық туралы заңнамасын сақтау.

Казталов аудандық №2 сотында жыл басынан бері 52 азаматтық іс оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қаралды

16/11/2016

Казталов ауданының №2 сотын  жыл басынан бері 52 азаматтық істі оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қарады. Оның 35-і  «Казталов ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» ММ-нің жауапкерлерден көлік құралы салығын өндіру туралы  азаматтық істер.

Іс құжаттарына сәйкес, жауапкерлер құралына салынатын міндетті салықты уақытында төлемеген.

Аудандық сот көліктегі құқықбұзушылық жасаған 20 тұлғаны жауапкершілікке тартты

01/11/2016

Казталов ауданының №2 соты ағымдағы жылдың  10 айында көлік құралдарын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқарған тұлғаларға қатысты 20 әкімшілік істі қарады.

Аудандық сот ағымдағы жылдың 9 айында оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен 42 азаматтық іс қарады

24/10/2016

Казталов ауданының №2 соты  а.ж. 9 айында 42 азаматтық іс оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қарады. Оның 21-і  «Казталов ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» ММ-нің жауапкерлерден көлік құралы салығын өндіру туралы  азаматтық істер.

Іс құжаттарына сәйкес, жауапкерлер құралына салынатын міндетті салықты уақытында төлемеген.

Сот қызметкерлеріне арналған семинар

21/10/2016

Казталов ауданының №2 сотында  сот қызметкерлері арасында «Сот қызметкерлерінің өзін-өзі ұстау тәртібі» тақырыбында семинар өткізілді.

Кеңсе басшысы  А.Бисенова мемлекеттік қызметкерлер жұмыс уақыты мен одан тыс уақытта мемлекеттік қызмет жөніндегі заңдарды ұстанып, жалпы моральдық нормаларды сақтау керектігін айтты.

Отбасы сақталды

13/10/2016

Казталов ауданының №2 соты неке бұзу туралы азаматтық істі медиация тәртібімен қысқартты.

Сот отырысы барысында төрелік етуші судья заң талаптарына сай туындаған дауды медиация тәртібімен бітімгершілікке келу мүмкін екенін түсіндіргеннен кейін, тараптар Бөрлі ауданы бойынша кәсіби емес медиаторының қызметіне жүгінді.

Казталов ауданының №2 сотында «Ашық есік күні» өтті

12/10/2016

Казталов ауданының №2 соты «Ашық есік күнін» өткізіп, дәстүрлі шара аясында аудандық соттың төрағасы А.Бурамбаев азаматтарды қабылдады.

«Ашық есік күні»  халыққа құқықтық көмек көрсету, құқытық мәдениетті арттыру,  азаматтардың сот жүйесіне сенімінің деңгейін көтеру, сонымен қатар, сот төрелігін қолжетімді ету мақсатында өткізіледі.

Беттер