Казталов ауданының №2 соты

Көршісіне тіл тигізіп, айыппұлға қалды

05/05/2016

Казталов ауданының №2 соты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлімімен (ұсақ бұзақылық) Жалпақтал ауылының тұрғынына қатысты әкімшілік іс қарады.

Іс материалдарына сай, құқық бұзушы қоғамдық орында, яғни өзінің тұратын уйінің маңында көршісін  себепсіз балағатап, ар-намысына тиетін сөздер айтқан.

Есірткі затын заңсыз сақтаған

18/04/2016

Қылмыстық құқық бұзушылықтар қоғамға қауіптілік және жазаланушылық дәрежесіне қарай қылмыстар және қылмыстық теріс қылықтар болып бөлінеді.

Жасөспірімдерді ұрып, бас бостандықтарынан шектелді

15/04/2016

Казталов ауданының №2 соты Жалпақтал ауылының екі  тұрғынына қатысты қылмыстық істі келісімдік іс жүргізу тәртібінде қарады.

Сот анықтағандай, екі ер азамат кәмелет жасына толмаған жасөспірімдерді ұрып, ақша, темекі және ішім талап еткен.

Тараптар медиативтік келісімге келді

26/02/2016

Казталов ауданының №2 сотына Жалпақтал ауылының тұрғыны  жүгініп, арызында өткен жылдың қаңтар айында жауапкерге қарызға ақша бергенін, ол 3 апта ішінде қайтарып беруге міндеттенгенін, алайда, осы күнге дейін қарызының тек 100 000 теңгесін қайтарғанын көрсеткен.

Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлеріне арналған семинар сабағы

09/02/2016

4 ақпанда Жалпақтал полиция бөлімінің ғимаратында Казталов ауданының №2 сотының төрағасы А.Ж.Бурамбаев «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың дұрыс рәсімделуі» тақырыбында  семинар сабағын өткізді.

Семинардың негізгі мақсаты – лауазымды тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды тиісінше толтыруды түсіндіру.

Судья-медиатордың қатысуымен дау шешімін тапты

05/02/2016

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енген  Азаматтық процестік кодексінде судьялардың  өздері де медиацияны қолдануы қарастырылған.

Бұл заң талабы практикада іс жүргізу кезінде тараптар  арасындағы  дауларды  жылдам шешуді арттыратын болады.

Қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін қамаққа алынды

27/11/2015

Казталов  ауданының №2  сотында ҚР ӘҚБтК 461- бабымен  азамат М-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Істің мәні бойынша, құқық бұзушы М. үйінде, мас күйінде өзінің келінін балағаттап, ішкі істер органының қорғау  нұсқамасының талаптарын бұзған.

Іске қатысушы прокурор соттан М-ны  құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, әкімшілік қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындауын сұрады.

Казталов ауданының №2 сотында жаңа АПК талқылады

20/11/2015
Казталов ауданының №2 сотында  «Азаматтық іс жүргізу кодексінің жаңа редакциясының негізгі новеллалары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелге Жалпақтал полиция бөлімінің, Жалпақтал ауылдық округінің,  әділет басқармасының қызметкерлері қатысты.

Беттер