Казталов ауданының №2 соты

Кеңес өткізілді

02/10/2020

Казталов ауданының №2 аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Айгуль Бисенованың төрағалық етуімен сот мамандарын және Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған күзет қызмет басқармасы ММ-нің Жалпақтал бөлімшесінің полиция қызметкерлерін, терроризм актісі туралы жалған хабарламалар беруге қатысты қылмыстардың алдын алуды күшейту және объектілердің инженерлік-техникалық нығайтылу деңгейін арттыру бөлігіндегі Қазақстан Республикасы ІІМ-нің нұсқауын орындау мақсатында , «Террористік акт жасау қаупі төнген кезде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша» және «Егер, сізге теракт қаупі бар қоңырау немесе

Сот қызметкерлері сенбілік өткізді

30/09/2020

2020 жылдың қыркүйек айының 26 күні Казталов ауданының №2 аудандық сотының судьялары мен мамандары  сот ғимаратының айналасын жинастыру бағытында сенбілік өткізді. Сенбілікке қатысушылар ғимарат қоршауының бояуын жаңартып, теректерді ақтап, айналаны және терек жапырақтарын жинастырды. Сонымен қатар, от жағу мерзімінің жақындауына байланысты бөлмелердің терезелерін жөндеп, әрледі.

Жүргізушілер өмір бойына көлік құралын басқару құқықтарынан айырылды

21/09/2020

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін жазаны күшейту шаралары қабылданды.

27 желтоқсан 2019 жылы ол құқық бұзушылықтың осы түрі үшін жазаны реттейтін заңға қол қойды.

Заңнамаға енген жаңа өзгерістерге сәйкес Казталов ауданының  №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша 2020 жылы он бес тұлғаға қатысты 15 қылмыстық іс қаралды.

Азаматтық істер медиативтік келісімдермен аяқталды

09/09/2020

Казталов ауданының № 2 аудандық сотымен қарыз ақшаларын өндіру туралы екі азаматтық істер медативтік келісімдермен тоқтатылды.

Талапкер сотқа талап арыздарымен жүгініп, онда жауапкерлер бұрын қарызға алған тауарларының ақша көлемдерін бермей жүргендерін көрсеткен. Жауапкерлерден бережақ ақша сомаларын өндіруді сұраған.

Істер сотқа қабылданғаннан кейін сотпен тараптарға араларындағы дауларды татуласу рәсімдерімен аяқтауға болатындығы түсіндірілді.

«Aqjaiyq» телеарнасының тікелей эфирінде

09/09/2020

Казталов ауданының No2 аудандық сотының төрағасы Айвар Бижанов «Азаматтық сот ісіндегі медиация» тақырыбында «Заң негізінде» бағдарламасында «Aqjaiyq» телеарнасында тікелей эфирде сөз сөйледі. Эфирде олар істерді қараудағы жаңашылдықтар туралы және сот жүктемесі қаншалықты төмендегені туралы айтты.

Татуласу орталығында шешілген дау

10/08/2020

Жалпақтал ауылдық округінің Билер кеңесімен «Татуласу: сотқа дейін, сотта» пилоттық жобасы бойынша белсенді жұмыстар атқарылуда. Мысалы, Ақпатер ауылының тұрғыны Б. деген азамат  Жалпақтал ауылының тұрғыны Р. деген азаматтан 2016 жылы қолхат арқылы қарызға 800 000 (сегіз жүз мың) теңге ақша алған, сол бойынша қарыз беруші  алажақ ақшаны өндіріп алу жөнінде Казталов ауданының №2 аудандық сотына талап арыз ұсынуға келген.

Жұмыс тобының кезекті отырысы

07/08/2020

Казталов ауданының №2 аудандық сотының судьясы Самал Оразғалиева "Зорлық – зомбылыққа жол жоқ"тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері бойынша жұмыс тобының кезекті отырысын өткізді.

Сот төрағасы жергілікті радиода баяндама жасады

16/06/2020

Казталов ауданының №2 аудандық сотының төрағасы  судьясы  А.Бижанов Жалпақтал ауылының Мәдениет үйінде орналасқан жергілікті  радиостанция эфирінде «Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне соттар жұмысының замануи форматтарын ендіру, артық сот рәсімдері мен шығындарын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы» тақырыбында сөз сөйледі.        

Азаматтық іс медиация тәртібімен тоқтатылды

11/06/2020

Медиация тараптарды татуласатыру кезіндегі рәсімнің бір түрі. Дауды жан-жақты және тараптардың өздерінің ерікті келісуі арқылы медиаторлардың қатысуымен дауды шешу жолы болып табылады.

Беттер