Казталов ауданының №2 соты

Мас күйінде көлік басқарған үшін қамауға алынды

15/08/2016

Казталов  ауданының №2  соты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының  6-бөлігімен әкімшілік жауапкершілкке тарту туралы әкімшілік іс қарады.

Іс матеиралдарына сәйкес, құқықбұзушы көлік құралын басқару құқығы жоқ тұлға бола тұра, «Volswagen Golf» маркалы автокөлігін алкогольді масаю күйінде басқарып, жол полиция қызметкерлеріне ұсталған.

Дау медиативтік келісімімен шешілді

02/08/2016

Казталов ауданының №2 сотына Казталов ауданының Әжібай ауылының тұрғыны  жүгініп, жауапкерге 2014 жылдың қазан айында қырық үш бас қой малын 990 000 теңгеге сатқанын айтқан. Жауапкер екі айдан кешіктірмей осы соманы қайтарып беретін болып келіскенд, алайда осы күнге дейін ол тек 500 000  теңгені қайтарғанын көрсетіп, қалған 490 000 алажақ ақшасын өндіріп беруді сұраған.

Өзара ынтымақтастық туралы меморандум

15/07/2016

Казталов ауданының №2 сотының төрағасы Азамат Бурамбаев пен Казталов ауданының әкімі Нұрлан Бекқайыр өзара ынтымақтастық мәселелері бойынша меморандумға қол қойды.

Меморандум халықтың дауларды баламалы тәсілдермен шешу мәселелері бойынша құқықтық мәдениет деңгейін көтеру мақсатында бекітілді.  

Аудандық сотта баспасөз маслихаты өтті

14/07/2016

Батыс Қазақстан облысының Казталов  ауданының №2  сотында жергілікті атқарушылық органдарының, құқық қорғау органдарының және аудандық «Ауыл айнасы» газетінің тілшісінің қатысуымен 2016 жылдың 1-жартыжылдығының жұмыс қорытындысына арналған баспасөз маслихаты өтті.

Жүргізу куәлігінсіз және масаң күйде көлік басқарғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды

08/06/2016

Казталов ауданының №2 сотым ҚР ҚК-нің 346 бабының 1 бөлігімен қылмыстық теріс қылық туралы іс қарады.

 Іс материалдары бойынша, сотталушы бұрын 30.10.2015 жылы  ӘҚБтК-нің 608 б. 1 б. кінәлі деп танылып, көлік құралын басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, автокөлікті алкогольдік ішімдік ішкен күйде басқарған.

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты әкімшілік іс қысқартылды

02/06/2016

Казталов ауданының №2 соты ҚР ӘҚБК-нің 669-бабымен әкiмшiлiк құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты әкімшілік істі қысқартты.

Құқықбұзушыға қатысты әкімшілік хаттама әкімшілік айыппұл салу туралы қаулыны орындамағаны үшін толтырылған.

Балық аулағаны үшін айыппұл салынды

26/05/2016

БҚО Казталов ауданының №2 соты ҚР ӘҚБтК 383-бабының 3-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық іс қаралды.

Полиция қызметкерлері құқықбұзушыны балық аулауға тыйым салынған мерзімде, Үлкен өзен өзенінде балық аулауға тыйым салынған құралдар-құрма аумен балық аулап жатқан жерінен ұстаған.

Беттер