Оқушылармен кездесу өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

           М.Әуезов атындағы орта мектепте. Ақжайық аудандық сотының төрағасы А.Нұрғалиев 9-11 сынып оқушыларымен «Есірткі – бұл тәуелділік»  тақырыбында Ақжайық ауданы прокурорының орынбасары Е.Баймұраттың,  Ақжайық ауданы әкімінің орынбасары Б.Абуовтың, Ақжайық аудандық полиция бөлімінің бастығы А.Елекешевтың қатысуларымен кездесу өткізді.

       Төраға өз сөзінде нашақорлар арасындағы өлім-жітім деңгейінің жоғары екендігіне, олардың 95 пайызында ауруға шалдығып, ВИЧ-инфекциясы, В және С гепатиті, мерез сияқты аурулармен ауыратынына назар аударды.

      Сондай-ақ, ол нашақорлардың ең жас жасы деректер бойынша 13 жасқа дейін төмендегенін, жасөспірімдер арасындағы нашақорлықтың негізгі себептері отбасындағы келеңсіз орта, ата-ананың алкоголизмі, өмір сүру деңгейінің төмендігі, отбасындағы жиі ұрыс-керіс  және ата-ана тарапынан бақылаудың жоқтығын атап өтті.

       Сот төрағасы өз сөзін қорытындылай келе, оқушыларға олардың болашақта студент болатынын, ал нашақорлық олардың болашағын құртатынын, нашақор ретінде тіркелу оларға жүргізуші куәлігін алуға мүмкіндік бермейтінін, сонымен қатар  қалаған қызмет түрімен айналысуға, қоғамның толыққанды мүшесі және сұранысқа ие тұлға болуға кедергі екенін түсіндіріп өтті.

        Қорытындылай келе, шарға қатысушылар өзара пікір алмасып, оқушылар осы кездесуден шығарған қорытындыларын айтып, баяндамашыларға алғыстарын білдірді.

 

 

 

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі