Акжайық аудандық соты

Оқушылармен кездесу өтті

20/03/2024

           М.Әуезов атындағы орта мектепте. Ақжайық аудандық сотының төрағасы А.Нұрғалиев 9-11 сынып оқушыларымен «Есірткі – бұл тәуелділік»  тақырыбында Ақжайық ауданы прокурорының орынбасары Е.Баймұраттың,  Ақжайық ауданы әкімінің орынбасары Б.Абуовтың, Ақжайық аудандық полиция бөлімінің бастығы А.Елекешевтың қатысуларымен кездесу өткізді.

       Төраға өз сөзінде нашақорлар арасындағы өлім-жітім деңгейінің жоғары екендігіне, олардың 95 пайызында ауруға шалдығып, ВИЧ-инфекциясы, В және С гепатиті, мерез сияқты аурулармен ауыратынына назар аударды.

Кездесу өтті

20/03/2024

         Ақжайық аудандық сотының судьясы Г.Сагитова «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында  Ақжайық ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Заңды талап орындалмаған

14/11/2023

           Ақжайық аудандық соты  Қазақстан Республикасының  ӘҚБтК-нің 613 бабы 1 бөлігімен (Ішкі істер (полиция) органдары қызметкерінің Қазақстан Республикасының аумағындағы  көлік құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамау) туралы құқық бұзушылық  әкімшілік ісін қарады.

         Іс құжаттары бойынша құқықбұзушы О. көлік құралын басқарып, ішкі істер (полиция) органы қызметкерінің көлiк құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамағаны анықталды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының үздік медиаторы

28/11/2018

Астана қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен өткен республикалық конкурстың «ҚХА-ның үздік медиаторы» номинациясының жеңімпазы болып Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының кәсіпқой емес медиаторы Құрман Бисегалиев танылды.

Алға қойылған міндеттерді іске асыру мақсатына бағытталған халық арасында өзара қатынастарды нығайту

26/09/2017

Халық арасында өзара байланысты нығайту мақсатында Ақжайық аудандық сотында «Таным»  диструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерді қорғау және көмек көрсету орталығының қоғамдық бірлестігінің, «Игілік» ЖШС –нің, ауданның әділет басқармасының және аудандық  «Жайық таңы» газетінің өкілдерімен кездесу өтті.

Сотқа құрмет көрсетпегені үшін әкімшілік жауапкершілік .

18/09/2017

Ақжайық аудандық соты аудан тұрғынын мемлекеттік билік институтына қолсұғушылыққа байланысты  құқықбұзушылық жасағаны үшін әкімшілік  жауапкершілікке тартты.

Азаматтық істі қарау барысында  шағымданушыға сот отырысының орны мен күні хабарланғанмен, сот отырысына дәлелді себептері болмасада кешігіп келгені белгілі болды.