ҚР аумағында болу ережесін бұзғаны үшін елден шығарылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 

Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында күнтізбелік бес күн өткеннен кейін, үш тәулікке дейінгі мерзімде ішкі істер органдарында тіркеуден өтпеген, Қырғыз Республикасының азаматшасы Ш.К.Валиеваға қатысты  ҚР ӘҚБтК-нің 517 бабының 2 бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сот отырысында  Ш.К.Валиеваның 2014 жылғы  30 желтоқсанда танысына  қонаққа келіп, тек 2015 жылығы 8 қаңтарда яғни, Қазақстан Республикасының шекарасынан өткеннен кейін 9-шы күні тіркеуден өтуге миграциялық полицияға келгені   анықталды.

Шетелдік азаматша Ш.К.Валиеваға Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберу түріндегі әкімшілік жаза  тағайындалды.       

 

 

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі