Көрінеу жалған айғақтар туралы сот үкімі өзгеріссіз қалдырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Батыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы ҚР ҚК-нің 420-бабы 2-бөлігімен айыпты деп танылып, 5 жыл 2 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын түзеу колониясының ерекше режимінде өтеуге  тағайындалған К.Бисенгалиевке қатысты Орал қалалық сотының 2016 жылғы 13 қыркүйектегі үкімін өзгеріссіз қалдырды.  

Соттың үкімімен К.Бисенгалиев сотталғанның пайдасына өзгертіп, көрінеу жалған айғақ бергені үшін кінәлі деп танылған.

Іс материалдарына сәйкес, аталған қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу сатысында жауап берген куә К.Бисенгалиев ҚР ҚК-нің 420-бабы бойынша куәнің көрінеу жалған айғақтар бергені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығы туралы ескертіле тұрса да, істің апелляциялық сот алқасында қаралу кезінде өзінің бұған дейін берген көрсетулерін ауыр қылмыстық іс бойынша сотталған «А» пайдасына өзгертіп, көрінеу жалған жауап берген.

Сот алқасы К.Бисенгалиевтің өзінің берген айғақтарын апелляциялық сатыда өзгертуін кінәліні қылмыстық жазадан құтқару үшін жасаған амалдары деп бағалады және оны жауапкершілікке тарту туралы мәселені шешу жөнінде прокурордың атына жеке шағым шығарды.

Соттың қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

 

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі