Облыстық сот және адвокаттар алқасы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы м.а. Қайрат Адранов және Батыс Қазақстан облыстық адвокаттар алқасының төрағасы Ержан  Қалиев өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға  қол қойды. 

Меморандумға сәйкес сот жүйесі мен адвокатура азаматтарға білікті кәсіби заң көмегін көрсетумен қатар сот төрелігіне қолжетімділікті арттыру мақсатында өзара ынтымақтастықты арттыруды көздейді.

Бұл құжаттың басты мақсаты азаматтық, қылмыстық және әкімшілік сот өндірісінің қағидаларын сақтау, адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау, дауларды (жанжалдарды) сотқа дейін және соттан тыс реттеу институттарын жан-жақты дамыту және енгізу бойынша өзара қимылдарды нығайту, сот ісін жүргізуде жариялылық мен ашықтықты қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу болып табылады. Сонымен қатар, сот өндірісінде ақпараттық технологияларды кеңінен қолдану, әдепті сақтау, құқықтық мемлекет қалыптастыруда өзара ынтымақтастықты күшейту көзделген.

Меморандумның маңыздылығын атап өткен Қ.Адранов азаматтарға жоғары кәсіби құқықтық көмек қажеттігін, бұл құжатқа қол қою дауларды (жанжалдарды) сотқа дейін және соттан тыс реттеу институттарын жан-жақты дамыту бойынша өзара қимылдарды нығайтатынын, партисипативтік процедураны қолдану аясын кеңейту қажеттігін атап өтті.

Өз кезегінде Ержан Калиев Меморандум шеңберінде жасалатын өзара ынтымақтастық нәтижесіне сенім білдірді.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі
Тегтер: