Архив событий

17/10/2016

Жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыру және қабылдау жүргізу қағидасы туралы семинар өтті

17/10/2016

Сырым  аудандық сотында «Жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыру және қабылдау жүргізу қағидасы» тақырыбында семинар сабағы өтті.

Семинарға судьялар мен сот қызметкерлері қатысты.

Көліктегі әкімшілік құқықбұзушылықтар

17/10/2016

Сырым  аудандық соты ағымдағы жылдың 9 айында ӘҚБтК 30-тарауы «Көліктегі  әкімшілік құқықбұзушылықтар» бойынша құқықбұзушылық жасаған тұлғаларға қатысты 18 әкімшілік іс қарады.

Қоғамдық орында масаң күйде жүргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

17/10/2016

Қоғамдық орындарда адамның қадір - қасиетіне нұқсан келтіретін алкогольдік ішімдіктерді ішкен, масаң күйде жүргені үшін ӘҚБтК-нің 440 б. 4 б. әкімшілік жаза қарастырылған.

Зеленов аудандық соты аудан тұрғынына қатысты ӘҚБтК-нің 440 б. 4 б.  әкімшілік іс қаралды.

Мақсаты бойынша пайдаланылмайтын жер телімі мемлекетке қайтарылды

17/10/2016

Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының ЖШС-нен жер учаскесін мәжбүрлеп алып қою туралы талап арызы  бойынша азаматтық істі қарады.

Сот ұжымы қайырымдылық ақциясына қатысты

17/10/2016

Қазан айы –аз қамтылған отбасыларға көмек қолын созатын кайырымдылық айы.

Казталов аудандық сотының төрағасы Райбек Хайырбеков сот ұжымының атынан қайырымдылық айлығына орай көп балалы отбасы Нұргүл Бекалованың үйінде болып, азық-түлікпен көмек жасады. 6 баланың анасы Нұргүл көмек қолын созған сот қызметкерлеріне өз алғысын білдірді.

Казталов аудандық сотында брифинг өтті

17/10/2016

Казталов аудандық сотында 2016 жылдың 9 айында атқарылған жұмыс  қорытындысы  бойынша «Ауыл айнасы» газетінің тілшісінің қатысуымен брифинг өтті.

Іс шара барысында сот төрағасы Р.Хайырбеков өткен жылмен салыстыра отырып 2016 жылдың 9 айында қаралған істердің статистикалық көрсеткіштеріне тоқталып өтті.

Орал қаласының МӘС ағымдағы жылдың 9 айында ұсақ бұзақылық бойынша 1523 әкімшілік істі қарады

17/10/2016

Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотмен  ағымдағы жылдың тоғыз айында ҚР ӘҚБтК-нің 434 бабында көзделген, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеп, белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастап, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды ластап, қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзып, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған 1523 азаматқа қатысты  әкімшілік іс қарады.                               

Көші-қоны заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

17/10/2016

Зеленов ауданының №2 соты ҚР ӘҚБтК-нің 517 б. 2 б. қарастырылған әкімшілік құқықбұзушылық жасаған Украина азаматшасына қатысты әкімшілік ісі қаралды.