Архив событий

25/10/2016

Сот банктік берешек сомаларын өндіру туралы 4 азаматтық істі оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қарады

25/10/2016

Тасқала аудандық соты талапкер «АФ ИПОТЕКА» АҚ-ның банк займы бойынша берешек сомаларын өндіру туралы 4 азаматтық істі оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен  қарады.

Қорлау фактісі бойынша қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

25/10/2016

Жаңақала аудандық соты ҚР ҚК-нің 131 б. 1 б. бойынша түскен аудан тұрғының жеке шағымын қарады.

Іс материалдарына сәйкес, 2016 жылдың наурыз - қазан айлары аралығында ұялы телефондағы «Инстаграм» әлеуметтік жүйесі арқылы сотталушы жәбірленушіге қорлау сөздер жазып, оның абыройы мен қадір-қасиетін әдепсіз түрде кемсіткен.

Аудандық сот 9 айда ҚР ӘҚБК-нің 434 бабымен 55 әкімшілік іс қарады

25/10/2016

Казталов ауданының №2 соты ағымдағы жылдың 9 айында «Қоғамдық тәртіпте адамгершілікке қол сұғушылық әкімшілік құқықбұзушылық» 25-тарауы бойынша  құқықбұзушылық жасаған тұлғаларға қатысты 55 әкімшілік іс қарады.