Облыстық сотта Астана күніне орайластырылған салтанатты шара өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Батыс Қазақстан облыстық сотында мемлекеттік мереке-«Астана» күніне орайластырылған салтанатты шара өтті

Шарға облыстық соттың алқа төрағалары мен судьялары, БҚО бойынша Соттар әкімшісінің басшысы және сот қызметкерлері қатысты.

Мерекелік шара мемлекеттік Гимнмен және  Батыс Қазақстан облыстық соты төрағасының міндетін атқарушы Қайрат Төлепбергенұлы Адрановтың құттықтау сөзімен ашылды.

Қ.Адранов барлық қатысушыларды Астана күнімен құттықтап, Қазақстанның саяси-әкімшілік орталығы, ұлттық бірлік пен тәуелсіздіктің символы екенін айтып, Қазақстанның 1920 жылдардан бүгінгі күнге дейінгі даму тарихына тоқталды. «Астана – бірлік пен берекенің, Отанымыздың телегей табыстарының символы, Қазақстан халқы қол жеткізе алатын шексіз мүмкіндіктердің үлгісі»,-деді.  

 Сонымен бірге, облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқа төрағасы Ақан Маратұлы Жұмағұлов қатысушыларды Астана күнімен құттықтап, отбастарына бақыт, шаттық пен қуаныш, зор денсаулық, жемісті еңбек тіледі.

Шара барысында Батыс Қазақстан облысы бойынша соттар әкімшісінің басшысы Нұрлан Қажғанов облыстың сот жүйесінің дамуына зор үлес қосып, еңбегімен ерекшеленген бірқатар сот қызметкрелерін марапаттады.

Еліміздің сот жүйесінің дамуына зор үлес қосып,  еңбегімен ерекшеленген  талдау және жоспарлау бөлімінің бас маманы Р.Демеуовке, қаржы бөлімінің бас маманы Л.Альжановаға, құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының бас маманы В.Ермоловичке Соттар әкімшісінің алғыс хаты табысталды.

Мерекелік шара сот мамандарының дайындаған концерттік бағдарламасымен жалғасты.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі
Тегтер: