Архив событий

19/10/2016

Дау медиация тәртібімен шешілді

19/10/2016

Бөрлі аудандық соты  ЖШС-дан әлеуметтік салық қарызын өндіріп алу туралы  азаматтық ісін қарады.

Сот отырысы барысында төрелік етуші судья заң талаптарына сай туындаған дауды медиация тәртібімен бітімгершілікке келу мүмкін екенін түсіндіргеннен кейін, тараптар Бөрлі ауданы бойынша тізілімінде тұрған кәсіби емес медиатордың қызметіне жүгінді.

Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік соты көліктегі құқықбұзушылық жасаған 826 тұлғаны жауапкершілікке тартты

19/10/2016

Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік соты ағымдағы жылдың 9 айында көлік құралдарын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқарған тұлғаларға қатысты 826 әкімшілік істі қарады.

Сот ғимаратындағы рұқсатнама режимі мен тәртіптің сақталуы туралы «дөңгелек үстел» өтті

19/10/2016

Бөкей ордасы аудандық сотында кеңсе меңгерушісі З.Зайнуллинаның басшылығымен сот қызметкерлері және БҚО МКҚ ММ-нің Бөкей ордасы ауданы бойынша полиция қызметкерлері қатысуымен «Сот ғимаратындағы рұқсатнама режимі мен тәртіптің сақталуы» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті.

Құқыққорғау қызметкерлерімен «дөнгелек үстел» өтті

19/10/2016

Қаратөбе аудандық сотында «Сот ғимратына өткізу және объектілік режимді қамтамасыз ету-сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақыбырында  дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелдің басты мақсаты - аудандық сотта ішкі қауіпсіздік ережелерін  үнемі сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу.

9 айдың қорытындысы бойынша баспасөз маслихаты

19/10/2016

Ақжайық аудандық №2 сотында мекеме басшыларының, медиаторлардың, полиция бөлімі мен пробация қызметінің қызметкеткерлерінің қатысуымен 2016 жылдың 9 айында сот төрелігін жүзеге асыру бойынша баспасөз мәслихаты  өтті.

Тараптар дауды медиация арқылы реттеді

19/10/2016

Казталов аудандық соты берешек соманы өндіру туралы азаматтық істі медиация тәртібімен қарады.

Сот мәжілісінде тараптар дауды медиация арқылы реттегендерін түсіндірді.