Архив событий

01/10/2016

Мемлекеттік тіл сайысын өткізді

01/10/2016

Биылғы тамыз айында сотқа арналып арнайы салынған әсем ғимаратқа қоныстанған бірыңғай азаматтық істерді қарауға маманданған Орал қалалық №2 соты жаңа мекен – жайдағы қызметін тартымды қоғамдық іс – шараларымен ұштастыра бастады. Мұнда Қазақстан халықтарының тілдері күні құрметіне қыркүйек айының соңғы күндерінде тағы бір игілікті шара, кеңсе мамандарының мемлекеттік тілді білуіне арналған конкурсы ұйымдастырылды.

Сенбілікке шықты

01/10/2016

Орал қаласының тазалығы, көгалдандырылуы мен абаттандырылуы жөніндегі дәстүрлі экологиялық айлық  аясында Батыс Қазақстан облыстық сотының судьялары мен қызметкерлері сенбілікке шығып, сот ғимаратының іші - сыртын төңірегін тазарту жұмыстарын жүргізді. Сенбілік  кезінде сонымен қатар жаяу жүргіншілер жүретін жолдар мен көліктер тұратын алаңдар сыпырылып, ағаш бұтақтары кесіліп, түптері қопсытылды. Облыстық сот ғимараты маңындағы саябақты да ретке келтірді.