Архив событий

12/10/2016

Ерлі-зайыптылар медиация тәртібімен татуласты

12/10/2016

Аудан тұрғыны жұбайымен некені бұзу туралы талап арызымен Бөкей ордасы аудандық сотына жүгінген. Арызында талапкер жауапкермен мінездері үйлеспегендерін, мүліктік даулары жоқтығын көрсетіп, некені бұзуды сұраған.

Казталов ауданының №2 сотында «Ашық есік күні» өтті

12/10/2016

Казталов ауданының №2 соты «Ашық есік күнін» өткізіп, дәстүрлі шара аясында аудандық соттың төрағасы А.Бурамбаев азаматтарды қабылдады.

«Ашық есік күні»  халыққа құқықтық көмек көрсету, құқытық мәдениетті арттыру,  азаматтардың сот жүйесіне сенімінің деңгейін көтеру, сонымен қатар, сот төрелігін қолжетімді ету мақсатында өткізіледі.

«Сотқа құрметтеушілік көрсеткен үшін жауаптылық шаралары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

12/10/2016

БҚО мамандандырылған ауданаралық сотында  судьялар, сот мамандары және мекеме өкілдерінің қатысуымен сотты құрметтемегені үшін жауаптылық шаралары туралы  «дөңгелек  үстел»  өтті.

«Сот кабинеті» ақпараттық сервисі бойынша семинар өтті

12/10/2016

Жәнібек аудандық сотында «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі тақырыбында семинар өтті. Семинарға Жәнібек аудандық жергіліті полиция қызметінің басшысы Е.Сұлтанғалиев және жергілікті полиция қызметкерлерімен  сот мамандары қатынасты.

Семинарды кеңсе меңгерушісі  Б.Басырбаев ашып, аталған электрондық сервистің артықшылығы туралы айтты.

«Шаңырағың шайқалмасын»

12/10/2016

Шыңғырлау аудандық соты төрағасы Т.Ибрашевтың төрағалығымен ауданның орталық кітапханасында отбасылық өмір  тақырыбында семинар өткізіліп, оған аудандық әділет бөлімінің, жас отбасылар, сонымен қатар Шыңғырлау аудандық ішкі саясат бөлімі жастар ұйымының өкілдері қатысты.