Өңірлік коммуникациялар қызметінде 2017 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша баспасөз мәжілісі өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы м.а Қайрат Адранов облыс соттарының 2017 жылдың 6 айында сот төрелігін жүзеге асыру бойынша атқарған жұмыс қорытындылары туралы республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған баспасөз мәжілісін өткізді.

Баспасөз мәжілісіне спикер рөлінде сонымен бірге облыстық соттың алқа төрағас Ақан Жұмағұлов, облыстық соттың судьялары Ғизатолла Қырықбаев Хабиболла Аманқұлов қатысты.

Кездесу барысында облыс соттарының негізгі жұмыс көрсеткіштерінің статистикалық мәліметтері туралы айтылды. Спикерлер облыс соттарында кеңінен қолданылатын татуластыру рәсімдері және сот ісін жүргізуге ендірілген инновациялық технологиялар туралы баяндады.

Диалог алаңында облыстық соттың төрағасы м.а. Қ. Адранов сот төрелігінің халықаралық стандарттарына жақындай түскен сот саласы Елбасы ұсынған бес институционалдық реформа аясында «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының өзіне жүктелген қадамдарын сәтті жүзеге асырып, елімізде заң үстемдігін орнықтырудың көшбасшысына айналғанын атады. Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің рейтингісіне сәйкес «Сот тәуелсіздігі» индикаторы бойынша Қазақстан бүгінде 68-ші орында.

Судьялардың кезектен тыс VII съезінде судьялар әдебінің жаңа кодексі қабылданып, судьялардың жүріс-тұрыс әдеп қағидалары уақыт талабына сай жетілдірілді. Облыстық соттың төрағасы м.а. өз сөзінде судьялар жеке басының үлгісімен өнеге көрсетіп, өзін қоғамда, отбасында, жұртшылық арасында әдепті, үлгілі ұстануы  және сыбайлас жемқорлық көріністерін алдын алуға ұйытқы болып, процестен тысқары әрекеттерден аулақ жүруі керек екенін атап айтты.

Спикерлер кездесуде сот төрелігін жүзеге асырудың сапасын жақсарту бойынша алдағы жұмыстың бірқатар негізгі міндеттерін, судьялардың кәсіптік деңгейін көтеру және жалпы сот жүйесін жетілдіру жайында айтты. Сонымен қатар, облыс соттарының өндірісіне түскен, қоғамдық серпіліс тудырған істер бойынша журналистердің сұрақтарына жауап берді.

 

 

 

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі
Тегтер: