Архив событий

26/10/2016

Аудандық сотта «Ашық есік күні» өтті

26/10/2016

Жәнібек аудандық сотында «Ашық есік күні» шарасы өткізілді. Азаматтарды аудандық соттың төрағасы А.С.Бижанов қабылдады. Сот төрағасының қабылдауында Жәнібек ауданының тұрғыны Б. болып,  көршісі мен арасындағы жер мәселесіне қатысты түсініспеушіліктерге байланысты сауалдарын қойды.

Өзен шаяндарын аулаған үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

26/10/2016

Тасқала аудандық соты балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 383 б. 3 б. әкімшілік іс қарады.

Әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасына сәйкес,  құқық бұзушы балық аулау қағидаларын, өрескел бұзып, рұқсат етілмеген құралдары шаян ұстауға арналған торымен 411 шаянды аулаған.

Сот татуласу келісімін бекітті

26/10/2016

Ақжайық аудандық соты 452 218 теңге материалдық шығынды, 200 000 теңге моральдық залалды  және 50 000 теңге  өкіл көмегіне жұмсалған шығынды, мемлекеттік баж 6000 теңгені өндіру туралы азаматтық ісін қарады.