Архив событий

07/10/2016

Бөлім басшыларымен және БҚО соттарының кеңсе меңгерушілерімен қорытынды кеңес өтті

07/10/2016

Батыс Қазақстан облысы бойынша соттар әкімшісінің басшысы Рахымқұл Айтмағамбетов 2016 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша облыс соттарының кеңсе меңгерушілерімен жұмыс кеңесін өткізді.

Кездесуде БҚО бойынша соттар Әкімшісінің бөлім басшыларының ағымдағы жылдың 9 айында атқарған жұмыс туралы баяндамалары, статистикалық есептері тыңдалды.

Азаматтық-құқықтық тақырыбында семинар өтті

07/10/2016

Облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Бақытбек Бегалиев азаматтық істерді қарайтын судьялармен азаматтық-құқықтық тақырыбында семинар өткізді.

Облыстық сотта "дөңгелек үстел" өтті

07/10/2016

Бүгін облыстық сотында Батыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Бақытбек Бегалиевтің төрағалығымен «Сот тәжірибесінде бітімгершілік рәсімдерін қолдану барысында туындайтын мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Шара жұмысына азаматтық істерді қарайтын судьялар, БҚО прокуратурасының өкілдері қатысты.

Талап арыз қанағаттандырусыз қалдырылды

07/10/2016

Жаңақала аудандық сотында "Арнайы қаржы компаниясы "Finance "ЖШС-нің жауапкерден берешекті өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Талапкер өз талабында «Альянс-Банк» АҚ-ы 2007 жылы  жауапкерге банктік заем берген. Алайда, жауапкердің несиені өтеу мерзімін бұзуы салдарынан банкке берешек сомасы 185 672 теңге 10 тиынды құраған.

Құқықтық көмек көрсету туралы шет ел мемлекеттерінің тапсырмаларын орындау бойынша семинар өтті

07/10/2016

Казталов ауданының №2 сотында «Құқықтық көмек көрсету туралы шет ел мемлекеттерінің тапсырмаларын орындау» тақырыбына семинарлық сабақ өтті.

Семинар сабаққа аудандық соттың төрағасы мен судьясы, кеңсе меңгерушісі  және сот қызметкерлері қатысты.  

Көтерме жәрдемақыны жергілікті бюджетке өндіру туралы азаматтық ісі оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қаралды

07/10/2016

Казталов аудандық соты «Казталов ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ-нің жауапкерден 98 910 теңге көтерме жәрдемақыны өндіру туралы талап арызын қарады.

Зеленов аудандық №2 сотында әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер мен құжаттарды дұрыс және толық рәсімдеу мәселелері талқыланды

07/10/2016

Зеленов ауданының №2 сотында прокуратура және құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді және хаттамаларды әзірлеудегі негізгі тұстарын талқылау» тақырыбында семинар өткізілді.

Тараптар дауды медиация тәртібімен реттеді

07/10/2016

Шаруа қожалығы  ауылдық тұтыну кооперативіне үлескерлер есебінен ерікті түрде шығу жөнінде басқарма хаттамасын шығаруға міндеттеу туралы талап арызбен сотқа жүгінген.

Облыстық сотта БҚО соттарының 2016 жылдың 9 айында атқарылған сот төрелігі қорытындыланды

07/10/2016

Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Бек Әметов облыстық соттың алқа төрағалары мен судьялары, аудандық, қалалық және мамандандырылған соттардың төрағаларының, БҚО бойынша Соттар әкімшісі басшысының қатысуымен облыс соттарының 2016 жылдың 9 айындағы жұмыс қорытындысына арналған кеңейтілген кеңес өткізді.