Архив событий

03/10/2016

Орал қалалық сотының судьялары ардагерлерді құттықтады

03/10/2016

Қарттар күні мейрамы   қарсанында Орал қалалық сотының судьялары көп жылдары  сот жүйесінде еңбек еткен ардагерлер Ухманов Заир Батырұлын және Донскова Маргарита Алексеевнаны құттықтады,

Судьялар сот ұжымының атынан ардагерлерге сый-сыяпаттарын тарту етіп, ардагерлерге дендеріне саулық, береке және ұзақ ғұмыр тіледі.

Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьялары доғарыстағы судьяларды құттықтады

03/10/2016

1 қазан Халықаралық қарттар күніне орай, Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық судьялары Қазақстанның сот саласының ардагерлері Логвинова Вера Петровна, Ефременкова Валентина Васильевна және Батаева Қарылғаш Наурызғалиқызын құттықтады.

Нұсқаулықты орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

03/10/2016

Казталов аудандық соты ӘҚБтК-нің 462-бабы 3-бөлігімен жинақталған  әкімшілік ісі қарады.                                                                              

Сотта анықталғандай, «Тәрбие жұмыстар орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны Казталов аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің нұсқамасын көрсетілген мерзімде орындамаған.

«Жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыру және қабылдау жүргізу қағидасы» тақырыбында семинар өтті

03/10/2016

Жаңақала аудандық сотында жұмыс жоспарына сай «Жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыру және қабылдау жүргізу қағидасы» тақырыбында семинар сабағы өтті.

Семинарға судьялар мен сот қызметкерлері қатысты.

Ардагерлермен кездесу

03/10/2016

БҰҰ Бас Ассамблеясы 1990 жылы 14 желтоқсанда өзінің 45/106 резолюциясында 1 қазан Халықаралық қарттар күні болып есептелетіндігі туралы қаулы етті. Бұл мереке Қазақстанда да атап өтіледі.    

Радиодан сұхбат берді

03/10/2016

Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық  сотының судьясы  Л.О.Ұстағалиева  «Қазақстан» БҚОФ радио толқынының эфирінен «Оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу және сотта татуластыру рәсімдерін қолдану» тақырыбында сұхбат берді.

Қаратөбе аудандық соты 2016 жылдың 9 айында 60 ұсақ бұзақылық туралы іс қарады

03/10/2016

Қаратөбе аудандық соты  ағымдағы жылдың 9 айында ӘҚБтК 25-тарауы «Қоғамдық тәртiпке және имандылыққа қол сұғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар», яғни «ұсақ бұзақылық» бойынша 60 әкімшілік іс қарады.

Жәнібек аудандық соты 9 ай ішінде заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырған 13 шетел азаматын жауапкершілікке тартты

03/10/2016

Жәнібек ауданының соты ағымдағы жылдың 9 айында ӘҚБтК 28-тарауы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекара режимінің белгіленген тәртібіне және Қазақстан Республикаксының аумағында болу тәртібіне қол сұғатын әкімшілік құқықбұзушылықтар» бойынша құқықбұзушылық жасаған шетел азаматтарына қатысты 13 әкімшілік іс қарады.