Сот қызметкерлеріне арналған семинар

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Казталов ауданының №2 сотында  сот қызметкерлері арасында «Сот қызметкерлерінің өзін-өзі ұстау тәртібі» тақырыбында семинар өткізілді.

Кеңсе басшысы  А.Бисенова мемлекеттік қызметкерлер жұмыс уақыты мен одан тыс уақытта мемлекеттік қызмет жөніндегі заңдарды ұстанып, жалпы моральдық нормаларды сақтау керектігін айтты.

Жетекші маман А.Нурумова өз баяндамасында «Мемлекеттік қызметкерлердің этикалық кодексі» бойынша мемлекеттік қызметкер адал, әділ, қарапайым, жалпы моральдық-этикалық нормаларды сақтау, азаматтармен, әріптестермен қарым-қатынасқа түскен кезде сыпайы болу керектігін атады. Егер мемлекет тарапына қандай да бір кері әсер тигізетін іс-әрекетке куә болған жағдайда оны тоқтатуға өз күшін салуы керек.. Мемлекеттік қызметкер әрқашан өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін дамыту керек. Сонымен қатар ҚР заңдарын қатаң сақтауы тиіс.

Семинар соңында сот қызметкерлеріне мүлтіксіз қызметтік тәртіпті ұстануын, өз жұмыстарын тиянақты да, адал орындауын, сонымен қатар өз уақыттарын тиімді пайдаланып, әрқашанда кәсіби әдебті ұстауы тапсырылды. Мемлекеттік қызметкерлердің этикасы әділ сот қажет ететін сенімнің негізі болып табылады. 

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі