Жергілікті полиция қызметкерлерімен кездесу

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Казталов ауданының №2 аудандық сотымен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы дұрыс жасау, дәлелдемелерді ұсыну, істі сотқа уақтылы жіберу мәселелері бойынша семинар өткізілді.

Аталған іс-шараға Жалпақтал полиция бөлімінің ЖПҚ қызметкерлері қатысты.

Өз баяндамасында судья С.Оразғалиева ЖПҚ қызметкерлерінің жұмысында жіберілген кемшіліктерді атап өтті, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды жасау және материалдарды ресімдеу сапасына назар аударды.

Сонымен қатар, қатысушылардың назары сот жүктемесінің төмендеуіне аударылды. Аудандық сотта әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша жүктеменің аздап төмендеу үрдісі байқалады. Сот қараған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді талдау барысында сотқа дейінгі іс жүргізу органдарының Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің нормаларын толық қолданбау жағдайлары бар. Атап айтқанда, уәкілетті органдардың бір тұлғаға қатысты бірнеше істі сотқа бөлек жіберу жағдайлары орын алып отыр. Сондықтан, істерді сотқа жіберген кезде артық әуре-сарсаңға салуды болдырмау және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізудің жеделдігін қамтамасыз ету мақсатында бір адамға қатысты қозғалған екі және одан да көп істі бірлесіп қарау үшін бір іс жүргізуге біріктіру ұсынылды.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі