Шетелдіктер Қазақстан Республикасының шегінен шығарылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Казталов ауданының №2 соты Өзбекстан Республикасының азаматтарына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қарады.

Жалпақтал Пб көші-қон полициясының қызметкерлері жедел профилактикалық іс шарасы жүргізу барысында көші-қон карточкасында Қазақстан Республикасының аумағын жеке мақсатпен келгендігі жөнінде көрсеткенімен, заңсыз жұмыс жасаумен, яғни,  қүрылыс жұмысымен айналысқан Өзбекстан Республикасының он екі  азаматын анықтаған.                 

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының №2 аудандық соты Өзбекстан Республикасының төрт азаматына қатысты Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің  517 бабының 5 бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарады.

Іс материалдарынан анықталғандай, еңбек мигранттар шетел азаматтарының Қазақстан Республикасы аумағында болу ережелерін бұзып, жүзеге асырған қызметтері тіркеу кезінде көші-қон карточкасында көрсетілген мақсаттарға сәйкес болмаған.

Соттың қаулыларымен халықтың көші қоны саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға жол бергендері үшін Өзбекстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің  517 бабының 5 бөлігімен кінәлі деп танылып, оларға Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығару түрінде әкімшілік жаза қолданылды.

Сот қаулылары заңды күштеріне енген жоқ.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі