Мамандандырылған күзет қызметінің мамандарымен семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Казталов ауданының №2 аудандық сотымен «Өткізу режимі. Аудандық сот ғимаратында қауіпсіздікті қамтамасыз ету» тақырыбында семинар өтті. Бұл шараға Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасы ММ-нің Жалпақтал бөлімшесінің полиция қызметкерлері қатысты.

Соттың кеңсе меңгерушісі Айгуль Бисенова өз сөзінде аудандық сот ғимаратының да, онда орналасқан қызметкерлердің де қауіпсіздігін қамтамасыз ету күзет қызметкерлеріне толығымен жүктелгенін, олардың міндетіне күндізгі жұмыс уақытында кіру режимі талаптарын және түнде қауіпсіздік шараларын сақтау кіретінін айтып өтті.

Кеңсе меңгерушісі шараға қатысушыларына өткізу режимінің негізгі міндеттері –  келушілерді және сот мүлкін қылмыстық және басқа да заңсыз қол сұғушылықтардан қорғауды қамтамасыз ету, сот ғимаратында тәртіпті сақтау, материалдық құндылықтар мен сот құжаттарын әкелу және алып тастау әрекеттерін болдырмау болып табылатынын,  және де, сот ғимаратына кіруді бақылауды және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуді мамандандырылған күзет қызметі департаментінің қызметкерлері мен сот приставтары жүзеге асыратынын ескертті.

Іс-шара барысында техникалық бақылау жүзеге асыру, келушілерді, адвокаттарды және құқық қорғау органдарының қызметкерлерін сыртқы тексеру, сондай-ақ сот ғимаратына кіру кезінде  олардың заттарын көзбен шолып қарау, ғимаратқа фото -, бейнетүсірілімнің техникалық құралдарын енгізу рәсімі мәселелері талқыланды.

Бұдан басқа, полиция қызметкерлеріне қазіргі уақытта сот ғимаратына келушілерге бетперде режимін сақтауды ескерту қажет екендігі айтылды.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі