Көліктегі құқықбұзушылықтар туралы әкімшілік істер

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақжайық  аудандық № 2 соты ағымдағы жылдың 10 айында ӘҚБтК 30-тарауы «Көліктегі  әкімшілік құқықбұзушылықтар» бойынша құқықбұзушылық жасаған тұлғаларға қатысты 34 әкімшілік іс қарады.

ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша  (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру), 610-бабы бойынша  (көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне әкеп соққан бұзушылығы), 611-бабы (жүргізушінің жол-көлік оқиғасына байланысты міндеттерді орындамауы) бойынша құқықбұзушыларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған.

Ақжайық  аудандық №2 сотының қаулыларымен жоғарыда көрсетілген 34 құқықбұзушы тұлға кінәлі деп танылып, 20 құқықбұзушыға көлік құралын басқару құқығынан айыру, 12 құқықбұзушы тұлғаға айыппұл түріндегі, 2 тұлғаға әкімшілік  қамау жазасы  қолданылды.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі