9 айдың қорытындысы бойынша баспасөз маслихаты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақжайық аудандық №2 сотында мекеме басшыларының, медиаторлардың, полиция бөлімі мен пробация қызметінің қызметкеткерлерінің қатысуымен 2016 жылдың 9 айында сот төрелігін жүзеге асыру бойынша баспасөз мәслихаты  өтті.

Сот төрағасы Тамара Гумарова  істердің санаттары бойынша статистикалық мәліметтерді жариялады, атап айтқанда қаралған  қылмыстық, азаматтық, әкімшілік құқық бұзушылық істердің көрсеткіштері баяндалды.

Ақжайық аудандық №2 соты  2016   жылдың 9  айында     18  адамға қатысты  18  қылмыстық іс,   122 азаматтық іс, оның 33 ісі оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен және  159  әкімшілік іс қаралған.

Сотта ағымдағы жылдың 9 айында  істерді қарау  кезінде тараптардың медиaциялық  шарт жасауымен 6 қылмыстық іс және 28 азаматтық іс медиация тәртібімен қысқартылған.

Сонымен қатар, сот төрелігінің сапасын жақсартуға байланысты  атқарылған  жұмыстар туралы, сот жүйесінің имиджін көтеруге бағытталған соттың іс шаралары туралы айтылды.

Сонымен бірге,    125  электрондық талап арыздар мен 159 әкімшілік құқық бұзушылық істер «Сот кабинеті» электрондық жүйесі арқылы түскен.

Баспасөз маслихаты барысында қатысушыларға ақпараттық кітапша  таратылып, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен әлеуметтік желілердің интернет-ресурстарында азаматтарға әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың тиімділігін арттыру мәселесін пысықтауға қатысуға мүмкіндік беретінін түсіндірілді.

 Шараның соңында сот төрайымы сот  мәжілісінің отырысын себепсіз кейінге қалдыру, істердің қарау мерзімдерінің бұзылу фактілерін болдырмау,  БАҚ-пен тығыз байланыста жұмыс атқаруды күшейту, қаралған істер бойынша 100 % дыбыс-бейне жазба құралын пайдалану, сот актілері мен хаттамаларды уақытылы «Төрелік» ақпараттық бағдарламасына салу, сотқа келушілерге барынша қолайлы жағдай туғызу, Еңбек және мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптарын сақтау қажет екенін ескертті.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі