Архив событий

28/07/2016

Сот шартты түрде босату туралы өтінішхатты қанағаттандырды

28/07/2016

Ақжайық аудандық соты ҚР ҚК-нің 103 бабы 1 бөлігімен (1997ж. редакция) 3 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасына сотталғанның жазасын өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтінішхатын қарады.

Жол жүру ережесін бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды

28/07/2016

Казталов аудандық соты  ҚК-нің 346 б. 1 б. (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқару) бойынша қылмыстық іс қарады.

Іс материалдарына сәйкес, сотталушы көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған адам бола тұра, алкогольдік масаң күйде авкокөлік басқарған

Апелляциялық сатыдағы сот екі адамды өлтіруді тапсырған кәсіпкер мен оның сыбайласына қатысты сот үкімін өзгеріссіз қалдырды

28/07/2016

Кәсіпкер Хайролла Исмағұлов 40 жастағы әйел мен оның кәмелетке толмаған қызын, соңғы өзінің 2007 ж. т. кәмелетке толмаған қызының әкесі Исмағұлов екенін тану және алимент өндіріп алу туралы талап арызымен Ақтөбе қалалық сотына жүгінгені үшін өлтіруді тапсырған.

Шетелдік азамат ЖҚЕ-нің талаптарын бұзған

28/07/2016

Ақжайық аудандық №2 соты Өзбекістан Республикасының азаматына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлімімен әкімшілік істі қарады.

Шетелдік азамат жол жүрісі қағидаларының талаптарын бұзып, алдында келе жатырған көлік құралына соқтығысып, соның салдарынан көлік құралының иесіне материалдық залал келтірген.

Сот актісін орындамағаны үшін қамаққа алынды

28/07/2016

ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабында көзделгендей сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау, жеке тұлғаларға – он АЕК мөлшерiнде айыппұл салынады, не бес тәулiкке дейiн әкiмшiлiк қамаққа алынады.

Тараптар дауды медиативтік келісім арқылы шешті

28/07/2016

Ақжайық аудандық соты коммуналдық қызмет үшін төленетін төлем қарызын өндіру туралы азаматтық істі қарады.

Тараптар істі қарау барысында кәсіпқой емес медиаторға жүгініп,  Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңына сай  дауды (дау-шарды)  реттеу  туралы»  келісім жасап сотқа ұсынды.